RU

Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған

Ақтауда екі жасар қыздың донерден уланып, қайтыс болғанын  хабарлаған болатынбыз. Осыған орай, мамандар тексеріс жүргізді деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.

 

Тексеріс жүргізген эпидемиологтар баланың дөнерден ұшынғанын жоққа шығарды. Себебі, қыз бала тамақтанған жергілікті дәмханаға мамандар іле тексеріс жүргізген. Дәмханада санитарлық талап сақталмағаны және қызметкерлерінің бірі медициналық кітапшасыз жұмыс істеген анықталды.

Алайда, зертханадағылар тағамдардан зиянды заттардың табылмағанын айтады.

"Тауықтан жасалған донер, картоп фриін жегені және кока-кола ішкені анықталды. Сараптама бойынша, бұл тағамдардан патогенді микрофлора табылған жоқ", - дейді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Аягүл Баянбердиева.

Естеріңізге сала кетейік, дәрігерлер бала астан ұшынған деп, нұсқау бойынша регидрон беріп, үйіне қоя береді. Алайда, беті бері қарамаған бала келесі күні ауруханаға түсіп, жансақтау бөлімінде қайтыс болады.

Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Егер дәрігерлердің салғырттығы анықталса, медициналық қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалады.

Тағы оқыңыздар:

"Ағайынды төртеу" Ақтөбедегі мұнайды қалай ұрлаған?

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Атыраулық қызметкерлер Тәуелсіздік күнінде сыйақыдан қағылмайтын болды

Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Ділназ Ахмадиева отбасылы адамға ғашық екенін айтты

Мейрамбек Беспаевтың қызы әкесінің әнін айтып, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346824-aqtauda-qaytys-bolghan-eki-zhasar-qyzgha.html