RU

Назарбаев қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады (фото)

Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан президенті бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттап, қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен сіздерді жаңа істі бастауға, жаңа биіктерді алуға, еңбекте және барлық бастамаларда жаңа шығармашылық шешімдер қабылдауға ынталандыра алдым деген үміттемін. Бүгін мен жұмысшыларды марапаттадым, демек бұл барлық жұмысшылар ынталандырылды деген сөз. Бүгін-ертең біздің елдің орден, сыйлықтарымен мыңдаған азаматтар марапатталатын болады.

Бұдан бөлек, мен "Тәуелсіздікке 25 жыл" арнайы төсбелгілерімен марапатталған барлық қазақстандықтарды құтықтаймын. Ал азаматтарымызды жарқын мереке - тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталғандардың ардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Олардың арасында І дәрежелі «Барыс» орденімен мараптталған президент әкімшілігінің басшысы Ә.Р.Жақсыбеков және Жоғарғы Соттың төрағасы Қ.Ә.Мәми, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Қ.Мәсімов, Қазақстанның Ресейдегі  Төтенше және өкілетті елшісі М.М.Тәжин, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мараптталғандардың арасында композитор А.Қоразбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед сынды елге белгілі азматтар бар.

Тағы оқыңыздар:

"Ағайынды төртеу" Ақтөбедегі мұнайды қалай ұрлаған?

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Атыраулық қызметкерлер Тәуелсіздік күнінде сыйақыдан қағылмайтын болды

Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Ділназ Ахмадиева отбасылы адамға ғашық екенін айтты

Мейрамбек Беспаевтың қызы әкесінің әнін айтып, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346848-nazarbaev-qazaqstandyqtardy-kele-zha.html