RU

АҚШ-та өз оқушысымен төсектес болған мұғалім сүйіктісінің алдында ұятқа қалды

АҚШ-та тойының алдында өзінің оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім сотталды. Бұл туралы ruposters.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Висконсин штатында 16 жасар оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін мұғалімді екі жылға бас бостандығынан айырды. Күйеу жігітімен бірге тойға дайындалып жүргеніне қарамастан, 29 жастағы әйел бозбаламен әрдайым жақындасып отырған.

Сот сараптамасы бойынша New berlin West High мектебінде ағылшын тілінен сабақ беретін Сара Домрес кәмелетке толмаған оқушымен 10-15 рет жыныстық қатынасқа түскен. Ол туралы полицияға жас жеткіншектің достарының бірі хабарлаған.

Сондай-ақ, айыпталушы мұғалім өз шәкіртіне сексуалды бағыттағы хабарламалар жазып, оны «Сәби Бу» деп атаған. Онымен қоймай, ара-қатынастары туралы ешкімге айтпауды тапсырған. Сараптама нәтижесінде Сара Домрес интернеттен мұғалім мен оқушының жыныстық қатынасы үшін қандай жаза қолданылатыны туралы іздегені анықталған.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған

Шымкентте арнайы операцияда кезінде жезөкшелерден пайда көріп отырған "жеңгетайлар" ұсталды

Қазақстанның тұңғыш премьері отбасымен бірге бизнеске кеткенін айтты

Әнші Шахизада көзіне шөп салған күйеуіне үш қабатты үйін сыйға тартқан

Мешіттен телефон ұрлаған жігіттің әрекеті видеоға түсіп қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346860-aqsh-ta-oz-oqushysymen-tosektes-bolghan-m.html