RU

Шымкентте жезөкшелерден пайда көріп отырған "жеңгетайлар" арнайы операциямен ұсталды

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген арнайы операция кезінде жеңіл жүрісті қыздардың қызметін сатып, пайда көріп отыр делінген күдікті адамдар ұсталды.

Бұл туралы бүгін Азаттыққа департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Қаракөзованың айтуынша, операция 12 желтоқсан күні түнде Түркістан көшесінің бойында орналасқан сауна мен "Керама" дүкенінің қоймасында жүргізілген.

"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен арнайы іс-шаралар жүргізу барысында 1986 жылы және 1996 жылы туған екі азаматша ұсталды. Олардан айғақ зат ретінде 1 миллион теңге және 1600 доллар көлемінде ақша тәркіленді" дейді баспасөз хатшысы.

Ұсталған күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін қала тұрғындары аталған орындарда арнайы операция жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Тағы оқыңыздар:

"Ағайынды төртеу" Ақтөбедегі мұнайды қалай ұрлаған?

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Атыраулық қызметкерлер Тәуелсіздік күнінде сыйақыдан қағылмайтын болды

Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Ділназ Ахмадиева отбасылы адамға ғашық екенін айтты

Мейрамбек Беспаевтың қызы әкесінің әнін айтып, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346878-shymkentte-arnayy-operaciyada-kezinde.html