RU

Президенттің марапатын күткен министрлер мен әкімдер уақытын қалай өткізді? (фото)

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің ең лайықты тұлғаларына ордендер мен медальдар табыстады. Президенттің марапатын күткен министрлер мен әкімдер залда қалай уақыт өткізгенін NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

Залда барлық қонақтардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Бәрі салтанатты шараның басталуын тағатсыздана күтіп отырды.

Әріптестер бір-бірімен қол алысып, аман-саулық сұрауға кірісті. Олардың арасында ІІД министрі, Қорғаныс министрі де бар.

Бірі мундирлерін түзетіп әлек болып жатса, Тамара Дүйсеноваға костюмін түзету үшін өзгенің көмегі қажет болған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы залға кіріп келіп, әрқайсымен бір амандасып шықты.

Кәрім Мәсімов пен Иманғали Тасмағамбетов те келіп, бір бұрышта әңгіме-дүкен құрып тұр.

Әділбек Жақсыбековтің болса, көңіл-күйі ерекше көтеріңкі.

Жүздері жадырап тұрғандар қатарында Бақытжан Сағынтаев пен Әсет Исекешев те бар.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады (фото)

Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған

Қызылордадағы шағын ауданға Назарбаевтың есімі беріледі

Желі қолданушысы тұрмысқа шықпаған қыздарға шүйліге бермеуді сұрады

Халықты тегін таситын таксиші жігіт шымкенттіктерге ұнап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347091-prezidenttinh-marapatyn-kutken-minis.html