RU

Мәйітханаға жіберілген ер адам оның тоңазытқышында екі күн бойы тірі жатқан

Оңтүстік Африкада жантүршігерлік жайт болды. Мәйітханаға жіберілген ер адам оның тоңазытқышында екі күн бойы тірі жатып, қайтыс болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы telegraph.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам жол апатына түскеннен кейін дәрігерлер оны оқиға орнында қаза болды деген тұжырым жасаған. Оны бірден мәйітханаға жолдап, тоңазытқышына денесін салып қояды.

Екі күннен кейін қаза болған ұлын мәйітханадан алып кетуге ата-анасы келеді. Сол кезде мәйітхана қызметкерлері ер адамның тыныстап жатқанын аңдап қалған.

28 жастағы азаматты бірден емханаға жібергенімен, ол сол жерде екі сағаттан кейін қайтыс болды. Дәрігерлердің салғырттығынан екі күн бойы мәйітханада азаппен өлген ер адамның ата-анасы қайғыдан естерін жинай алмай отыр.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады (фото)

Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған

Қызылордадағы шағын ауданға Назарбаевтың есімі беріледі

Желі қолданушысы тұрмысқа шықпаған қыздарға шүйліге бермеуді сұрады

Халықты тегін таситын таксиші жігіт шымкенттіктерге ұнап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347239-mayitkhanagha-zhiberilgen-er-adam-onynh-t.html