RU

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

Қарағанды мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыны киімін ұмытып кеткені үшін жазаға тартқан деп хабарлайды 31 арна.

Қарағанды қаласының тұрғыны Артур Вундердің айтуынша, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызына спорт киімін ұмытып кеткені үшін 300 рет отырғызып-тұрғызып жаттығу жасатыпты. Ауыр жаттығудан соң қыздың қос аяғы жарақаттанғанын дәрігерлер де растаған екен.

Ұстаздың тапсырмасын орындаймын деп екі аяғы зақымданған Вероника Вундердың жағдайы бүгін ғана жақсарды.

«Бірақ мен тек 101 мәрте ғана отырып-тұрдым. Ары қарай жасауға күшім жетпеді. Аяқтарым ауырып, денем дірілдей бастады», - дейді зардап шегуші.

Ал, әкесі қызының қиын жаттығу жасағанын ыстығы көтерілгенде ғана біліпті. Мұғалімнің жазасы туралы алтыншы сынып оқушысы екі күн бойы ешкімге айтпаған.

Ал Вундер отбасының шағымымен таныс білім бөліміндегілер ұстазға шаң жуытар емес. Есесіне, «жаттығуды жақсы баға алғысы келген Верониканың өзі жасауға құлшынған» дейді.

Дене шынықтыру пәнінің қылығына ашынған әкесінің арызына білім бөліміндегілер 15 күннің ішінде жауап беруі тиіс. Бірақ онда да ұстаздың кінәсі дәлелденсе, жазаланбайды. Өйткені, дене шынықтыру мұғалімі өз еркімен жұмыстан кетіпті. Сондықтан жауапқа тек мектеп ұжымы ғана тартылуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады (фото)

Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған

Қызылордадағы шағын ауданға Назарбаевтың есімі беріледі

Желі қолданушысы тұрмысқа шықпаған қыздарға шүйліге бермеуді сұрады

Халықты тегін таситын таксиші жігіт шымкенттіктерге ұнап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347250-qaraghandyda-ustazdynh-buyryghymen-100-ret.html