RU

Назарбаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай президент рақымшылық туралы заңға қол қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент рақымшылық жасау мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған мейірімділіктің белгісі болып табылатынын алға тартты.

"Біздің отандастарымызға қатысты бұл мейірімділік, үміт пен рақымшылық актісі қоғамды жақсартуға мүмкіндік тудырады. Рақымшылық әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды қамтиды - кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдерді, мүгедектерді, қарт кісілерді де", - дейді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында сегіз рет рақымшылық жарияланғанын еске салды. Ал бүгінде 28 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін екен.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады (фото)

Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған

Қызылордадағы шағын ауданға Назарбаевтың есімі беріледі

Желі қолданушысы тұрмысқа шықпаған қыздарға шүйліге бермеуді сұрады

Халықты тегін таситын таксиші жігіт шымкенттіктерге ұнап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347278-qazaqstan-prezidenti-raqymshylyq-tur.html