RU

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

18 жастағы Қазақстан тумасы Лада Акимова "Краса России" байқауында жеңімпаз атанды. Бойжеткен Ресейге үш жыл бұрын көшіп кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Комсомольская правдаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Лада байқауда 30 аруды шаң қаптырған. Төрешілер қатарында рэппер Джиган, продюсер Александр Толмацкий, актер Денис Косяков, адвокат Александр Добровинский болды.

Ладаны сұлулық байқауына қатысуға ата-анасы көндірген екен.

200 000 рубльға косметика алу мүмкіндігін беретін сертификат пен дизайнерлік көйлекті сыйға алған арудың қуанышында шек жоқ. Одан бөлек той тортына сертификат та сый ретінде табысталды.

 

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады (фото)

Ақтауда қайтыс болған екі жасар қызға дұрыс диагноз қойылмаған

Қызылордадағы шағын ауданға Назарбаевтың есімі беріледі

Желі қолданушысы тұрмысқа шықпаған қыздарға шүйліге бермеуді сұрады

Халықты тегін таситын таксиші жігіт шымкенттіктерге ұнап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347427-qazaqstan-tumasy-reseydinh-enh-sulu-aru.html