RU

Өрт сөндірушілер өртенген үйден от тимеген Құран Кәрімді тауып алды (фото)

От шалмаған Құран Кәрім түркиялық өрт сөндірушілерді таң қалдырды деп хабарлайды Ihsan.kz.

Түркияның Маниса елдімекенінің Юнус Емре ауданындағы үш қабатты бір үйде өрт шықты. Оқиға орнына 110 өрт сөндіру, 112 жедел жәрдем және 115 полиция қызметкерлері жөнелтілді.

Бір қызығы өрт өндірушілер үйдегі Құран Кәрімнің оттан аман қалғанына куә болған. Үйдің көп жеріне залал келгеніне қарамастан Аллаһ Тағаланың кәләмын от шалмаған.

"Үш қабатты бір үйде шыққан өрт үйдің шатырын ортасына түсірді. Өрт мұржадан не пештен шықты деген жорамал бар. Өртенген үйдің ішінде Құран Кәрімге ешбір зарар тимегеніне куә болдық. Жалпы осы уақытқа дейін өртін сөндірген үйлерде де дәл осындай жағдайларды талай кезіктірдік. Бұл Аллаһ Тағаланың кереметтерінің бірі", ­- дейді Маниса әкімдігіне қарасты өрт сөндіру департаментінің бастығы Әли Гүл.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347503-ort-sondirushiler-ortengen-uyden-ot-ti.html