RU

Қазақстанда нан мен сүттің бағасы негізсіз қымбаттаған

Қазақстанда нан мен сүттің бағасы негізсіз қымбаттатылып келген. Күзге таман сөрелерден жоғалып, таптырмайтын қанттың құны да асыра көтеріліпті деп хабарлайды 31 арна.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жыл басынан бері жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады.

Министрдің айтуынша, бүгінге дейін монополияға қарсы комитет мамандары 40 тергеу ісін жүргізген. Соның нәтижесінде 45 сауда нысанының ешбір экономикалық себепсіз бағаны көтергені анықталыпты.

Қисынсыз қымбаттады делінген азық-түліктердің ішінде ұн, нан, сүт, қант және ет өнімдері сияқты әлеуметтік маңызы жоғары тауарлар бар. Осыларды алға тартқан Қуандық Бишімбаев, бағалардың шекті деңгейін заң жүзінде белгілеу керек деді.

"Әрбір сауда орнының санатына қарай ай сайын әлеуметтік маңызды азық-түліктердің ұсынылатын бағасын белгілеп отырамыз. Сондай-ақ, бұл бағаларды сауда субъектілері жалпылама жариялап отыруы тиіс. Осылайша, келген тұтынушы алатын тауарының ұсынылған құнын білетін болады және тауар бағасын қадағалауға ат салыса алады. Айтарлықтай айырмашылық байқаған жағдайда құзыретті органдарға шағымдануға кеңес береміз", - дейді Ұлттық экономика министрі.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347589-qazaqstanda-nan-men-suttinh-baghasy-neg.html