RU

АҚШ-та дау туғызған сайлау қорытындысы қайта есептелді

АҚШ-та дау туғызған сайлау қорытындысы қайта есептеліп, оның қорытындысы жарияланды. Сөйтсе, аз дауыс алса да президент болды деп айыпталған Дональд Трампты керісінше, қолдаушылар қатары әлдеқайда көп болған екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қайта есептеуді «Жасылдар» партиясының өкілі Джилл Стайн талап еткен болатын. Ал бюллетендер елдегі Висконсин және Пенсильвания штаттарында есептелді. Сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, қос штатта да Трамптың Хиллари Клинтоннан басым түскені тағы да дәлелденген.

Тіпті, Висконсиндегі жеңімпаздың жинаған дауысы бұрынғыдан 131-ге артық болып шықты. Негізі, сайлау нәтижесі Мичиган штатында да есептелмек болған. Бірақ кейін сот бұл өңірде дауысты қайта санауға рұқсат етпеді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347599-aqsh-ta-dau-tughyzghan-saylau-qorytyndys.html