RU

Қытайда қылмыстық топты басқарған миллиардер өлім жазасына кесілді (фото)

ҚХР қылмыстық кодексінің 13 бабы бойынша істі болған миллиардер Лю Ханды Қытайда өлім жазасына кесті деп хабарлайды qamshy.kz.

Бұл өлім жазасы Қытайда заң алдында бәрі бірдей екенін көрсетті. South China Morning Post басылымы хабарлағандай, Лю Ханға шығарылған жаза өткен жылдың мамыр айында бекітілген екен. Ол бірден 13 бап бойынша айыпталып отыр. Іс жүргізілгенде Қытайдың ең бай адамының бірі адам өлтірумен айналысатын ірі қылмыстық топты жасырын басқарып келген, заңсыз казино мен қару-жарақ сатумен айналысқан.

1997 жылы әлемдегі ең ірі темір кені Hanlong Group-тың негізін қалаған Лю Ханға банктік кредит алу кезінде қате ақпарат бергені үшін 300 млн юань айыппұл салды. Лю Ханмен бірге оның айналасындағы төрт адам да өлім жазасына кесілді. Гонконг журналдарының мәліметінше, Лю Хан ҚХР мемлекет қауіпсіздігінің бұрынғы басшысы Чжоу Юнканмен тығыз қарым-қатынаста болған.

Сол себепті ол жауапкершіліктен қашып жүрген. Ал өткен жылдың желтоқсанында Чжоу Юнканның өзі қызметтен босатылды. Оған да коррупциялыққа қатысы бар деген айып тағылады деп күтілуде. Істі жүргізу барысында бұрынғы қауіпсіздік бастығы пара алып, туыстары мен достарын лауазымды орындарға тартып отырғаны анықталды.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347617-qytayda-enh-bay-adamdardynh-biri-lyu-khan-e.html