RU

Ваннаның ішінде қиналмай босанған әйел дәрігерлерді таң қалдырды

АҚШ-тың Глостер штатында тұратын 36 жастағы әйел ваннаның ішінде үш минутта ешқандай ауырсынусыз босанғанын айтып, жұртты таң қалдырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балалар дәрігері болып жұмыс істейтін әйел босанатын күні 18 сағат бойы жұмыс істеп, қатты шаршаған. Үйіне келе салысымен, ваннаға түсіп демалуды көздеген Кейт Смит сол жерде босанып қаламын деп мүлде ойламаған.

"Тек демалу үшін ваннаға жатқан едім. Көзді ашып-жұмғанша нәрестем өзіммен бірге ваннада жатты. Әлі күнге дейін осылай жеңіл босанғаныма сене алар емеспін. Ешқандай ауырсыну болмады", - дейді Кейт.

Әйел нәрестесінің басы көріне бастағанда ғана босанып жатқанын ұққан. Ол дереу күйеуіне хабарласып, көмекке шақырады.

Күйеуі жедел жәрдем шақырып, үйіне келіп жеткенде, нәрестесін құшақтап ваннада жатқан әйелін көрген. Дәрігерлер баланың дін-аман дүниеге келгенін айтуда.

Кейт жеңіл босанғаны сонша, тек қарны ашқанын ғана сезген. Ол емханаға барар жолда күйеуін тоқтатып, кафеден пицца жепті.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347673-vannanynh-ishinde-ush-minutta-esh-qinalma.html