RU

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Австралиялық әділет министрлігі 2015 жылғы ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылған Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің өзіне қол салды деген болжамды алға тартып отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Екі аптадан кейін швейцариялық Санкт-Галлене қаласында сараптама дайын болады, оның тұжырымы Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің өлімін ресми зерттеудің "әділетсіздігіне күдік келтіруді жоққа шығарады".

Дүйсенбі күні Әлиевтер отбасының Австриядағы адвокаттары неміс сот-медициналық сарапшы Бернд Бринкманның зерттеу қорытындыларын ұсынды. Ол қаза тапқанның мойнындағы нүктелік қанталаулар сырттың әсерін, яғни өзге адамның тұншықтырғанын білдіреді деген тұжырымды алға тартады.

"Істе қандай да бір түбірлі өзгеріс туралы мәселе жоқ, өйткені Венаның Бас прокуратурасында дәлелдерді зерттеудің бірқатар қайшы келетін қорытындылары бар, бұл ретте олар бірін-бірі жоққа шығармайды", — деп мәлім етті сейсенбіде Австрия әділет министрлігінің қылмыстық бөлім басшысы Кирстиан Пльначек OE1 радиосының таңғы бағдарламасы эфирінде.

Оның атап өтуіне қарағанда, мамандар бұл бейнебақылаумен де, Әлиев табылған камераның құлпымен де ешқандай айлалы әрекет таппаған. Бұдан бөлек тергеушілер ас пен медикаменттерге жауапты бүкіл персоналдан жауап алып, ал коронер Әлиевтің "суицидке бейімділігі" туралы тұжырым жасағандығын еске салды Пильначек.

Бұл ретте оның сөзіне қарағанда швейцариялық Санкт-Геленеде бөлек сараптамаға тапсырыс берілген. Оның қорытындылары ресми тергеудің "әділетсіздігіне күдік келтіруді жоққа шығарады". Оның қорытындылары екі апта ішінде келеді деп күтіліп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347816-avstriya-ministrligi-rakhat-aliev-ozin.html