RU

Тағы бір айтыскер ақын ән жазып, әнші болып кетті (видео)

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова әншілікке бет бұрды деп хабарлайды NUR.KZ.

Желіде Сара Тоқтамысованың шығарған әні пайда болды.

Ол айтыскерлікті қойып, енді әншілікке бет бұрған сыңайлы.

Әннің аты "Ақеркем" деп аталады. Әннің мәтінінен оның ұзатылып жатқан қызға арнап айтылғанын байқауға болады.  Сөзін ақынның өзі жазса, әні Асқар Жайлаубаевқа тиесілі екен.

Естеріңізге салсақ, қазақ өнерінде айтыскерліктен әншілікке өткен ақындар жетіп артылады. Олардың қатарында Төреғали Төреләлі, Еркін Нұржанов, Ақмарал Леубаева, Ринат Зайытов та ән жазып, сахнадан көрінген.

Ал жуырда Айнұр Тұрсынбаева да қызына арнап жазған әнін ел алдына ұсынған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1347879-taghy-bir-aytysker-aqyn-anshilikke-bet-b.html