RU

Төсек қатынасына қатысты мәселелерді өзгемен талқылау қаншалықты дұрыс?

Ерлі-зайыптылардың арасында сыр сақтау қандай дәрежеде болуы керек? Бұл сұраққа e-islam.kz сайты жауап берді.

Құранда Бақара сүресі, 187-аятта ерлі-зайыптылар туралы: «Олар (әйелдер) сендер үшін киім секілді, сендер де олар (әйелдер) үшін киім секілдісіңдер», -деп айтылады.

Яғни, киім адам денесіндегі әурет жерлер мен кемшіліктерді сырт көзге көрсетпей жауып тұратыны секілді ерлі-зайыптылар да өз араларындағы сырды сақтай білуі тиіс. Мысалы мұсылмандық әдеп бойынша үй ішіне ғана қатысты кейбір әңгімелерді жақын туыс немесе жақын достарға да айтуға болмайды.

Ал тіпті жұбайларының дене пішімі, келбеті, төсек қатынасы жайлы мәселелерді басқаларға айтуға дініміз бойынша тыйым салынған. Себебі хадистерінде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Төсек қатынасымен мақтану харам», «Қиямет күні Алла тағаланың алдына барғанда қиянат атаулының ең сорақыларының бірі жұбайлардың төсек қатынасынан кейін әйелінің сырын ер адамның басқаларға жаюы» деп ескерткен.

Мұсылман кісі мұндай арсыздықтарға бармай, үй ішінің құпиясын әрдайым сақтай білуі тиіс. Ал ерлі-зайыптылардың бір-бірінің кемшіліктерін басқаға айтуы ғайбат болып есептеледі. Ол да үлкен күнәлардың бірі. Сондықтан ерлі-зайыптылар бір-бірінің үстіне киілген киім секілді барлық сырды іште сақтауы керек.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев Ұлттық банк төрағасын Ақордаға шақыртты

Қарағандыда ұстаздың бұйрығымен 100 рет отырып-тұрған оқушы аяғын жарақаттап алды

National Geographic 2016 жылдың ең үздік фотоларын жариялады

Шығысқазақстандық экстремалдың әрекеті көпшілікті таң қалдырды

Қазақстан тумасы Ресейдің ең сұлу аруы деп танылды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348039-tosek-qatynasyna-qatysty-maselelerd.html