RU

Талай азапты басынан кешірген келіншекке Шымкенттің ер азаматтары үйленгісі келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының тумасы Жанаткүлдің қиындыққа толы тағдырын естіген ер азаматтар оған үйленгісі келетіндерін айтып, жарыса ұсыныс тастауда. Қызы жездесінен жүкті болған әйелдің азапты өмірі олардың жүрегін елжіреткен. Бұл туралы zamana.kz сайты жазады.

"Мына өмірде қайырымды, Құдайға қараған адамдар көп екен. Сіздердің арқаларыңызда өмірге деген құштарлығым оянды. Жомарт жандар суық күнде жанымды жылытып, қолынан келген көмегін аянбай беріп жатыр", - дейді Жанаткүл.

Жанаткүлдің Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде тұратыны, оның бала күннен қиындықтан көз ашпай келе жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Сол сәттен бастап оған хабарласып, шама-шарқынша көмектесіп жатқан адамдар өте көп екен.

Күніне шамамен 50-60 адам хабарласады

"Шынымды айтсам, менің тағдырым жұртты осыншалықты қызықтырады деп ойламаппын. Мақала жарияланғаннан бергі бір аптаның ішінде телефонға тыным болмай кетті. Күніне шамамен 50-60 адам хабарласады. Көбі жылы сөздерін айтып, жұбатып жатыр. Енді бірі: "Үйіме келіп тұр. Жайлы баспана, жылы жатын орынмен қамтамасыз ете аламын. Тек тірлігімді істеп жүрсең болды", – деп жатыр. Ал енді тағы біраз кісілер атасына немесе ағасына тұрмысқа шығуымды өтінуде", - дейді ол.

Тіпті үйді менің атыма аударып бере салатынын айтты

"Солардың арасынан Талғат, Нұржан есімді азаматтардың атын ерекше атап көрсеткім келеді. Әлгі Талғат есімді кісі осы жақында хабарласып, менімен жолыққысы келетінін айтты. Кездестік. Аппақ джип мініп алған екен, ауқатты, мықты кәсіпкер екені көрініп тұр. "Қарындасым, мойыма, жасыма! Бұл қиындықтың бәрі әлі-ақ артта қалады", – деп маған 50 мың теңге ұсынды. Азық-түлігі тағы бар. Оған қоса Балқашта алты бөлмелі үйі барын, қаласам, көшіріп әкете алатынын жеткізді. Тіпті үйді менің атыма аударып бере салатынын айтты. Бірақ мен одан бас тарттым. Ол жақта туысым да жоқ, өзім болса екі күннің бірінде ауырамын. Жағдайым қалай болады деп уайымдадым", - деп жалғастырды келіншек.

Жанаткүлге жасалып жатқан көмек мұнымен бітпепті. Аты-жөндерін айтпаған тағы бір-екі адам ыдыс-аяқ, көрпе-төсек, кілем апарып беріпті. Азын-аулақ ақшалай жәрдемдері тағы бар.

Қысқасы, небәрі бір аптаның ішінде 100 мың теңгеге жуық ақшалай көмек пен біраз азық-түлікке ие болған Жанаткүлдің қуанышында шек жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмды

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Google сұранымы бойынша Баян Есентаева Қазақстанда көш бастады

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Танымал суретші Тәуелсіздік күнін мүлде еске алмаған Көкшетау әкімдігін сынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348045-talay-azapty-basynan-keshirgen-kelinsh.html