RU

Астанада өзін өртеп жіберген әйелдің қызы Бас прокуратураның алдында шу шығарды (фото)

Астанада өзін өртегеннен кейін қаза болған Майра Рысманованың қызы Бас прокуратура алдында шу шығарып, есінен танып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қауіпсіздік қызметінің өкілдері талып құлаған бойжеткенді ғимараттың ішіне кіргізді. Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетуде.

«Енді артында қалған балаларын кім тәрбиелейді? Анам мұнда өртеніп жатқанда ешкім шықпады. Оларға бәрібір болды. Олар кінәлі", - деп көзіне жас алып, айқайлады Ақмарал.

«Олар менің ағамды Қылмыстық топқа қатысы бар деп айыптауда. Пәтерді тонайды екен-мыс. Біздің қалай тұрып жатқанымызға қарасаңыздаршы. Үш иттен басқа үйімізде түк жоқ», — дейді ол.

Әйел Бас прокурор Жақып Асановпен кездесуді талап етіп, өзін өртеп жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Есінен танып құлаған бойжеткенге қызметкерлер жабыла көмектесті.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмды

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Google сұранымы бойынша Баян Есентаева Қазақстанда көш бастады

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Танымал суретші Тәуелсіздік күнін мүлде еске алмаған Көкшетау әкімдігін сынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348099-astanada-ozin-ortep-zhibergen-ayeldinh.html