RU

Астанада аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

Астана әкімдігі аулаларды көліктерден тазарту үшін орамаралық ақылы тұрақ салу жобасын дайындауда деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".

Астана билігінің жаңа идеясы - аулаларды көліктерден босату. Қазіргі таңда ауладағы көлік қозғалысын жабуға құрылыс нормалары мен ережелері мүмкіндік бермейді. Соның ішінде өрт қауіпсіздігі үшін де көліктердің кіріп-шығуы керек. Алайда, тиісті басқарма аталған заңнамаға өзгеріс дайындамақшы.

Мұндай бастамаға себеп болған тұрғындардың ауладағы көліктің көптігі туралы түсірген шағымдары.

Дегенмен, бұл бастама жақын уақытта қолға алынбауы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмды

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Google сұранымы бойынша Баян Есентаева Қазақстанда көш бастады

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Танымал суретші Тәуелсіздік күнін мүлде еске алмаған Көкшетау әкімдігін сынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348133-astanada-aulagha-kolik-qoyu-aqyly-boluy.html