RU

Жансейіт Түймебаев Назарбаевқа тосынсый жасады (видео)

Түркиялық әнші әрі композитор Орхан Чакман елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ән арнады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Өнер иесі түрік тіліндегі бұл туындысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың шақыруымен Шымкентте өткен шарада қазақтың шапанын киіп орындады.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Отырар» кітапханасында өткен басқосуда «Нұрсұлтан Назарбаев» деп аталатын әнді алдымен ОҚО әкімі зиялы қауым өкілдеріне арнайы таныстырды. Бір қызығы, жаңа туынды кітапшаға орналастырылған. Яғни, шағын кітапшаны ашсаңыз, бейнебаяны бар ән өздігінен шырқалады.

«Қазақстанның рухы - Нұрсұлтан Назарбаев, өлкенің халқы үшін, өзінің жанын берген - Нұрсұлтан Назарбаев, халқының еркіндігін, дүниеге жариялаған - Нұрсұлтан Назарбаев» деген өлең жолдарынан құралған түрік тіліндегі әнді Орхан Чакман Көрме орталығында өткен «Тәуелсіздік тұғырым!» деп аталатын салтанатты шарада жұртшылық алдында шырқады.

Әрине, бұл шараға жиналған қауымның таңданысын тудырды. Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, еліміздің қазіргі Ауыл шаруашылығы министрі - Үкімет басшысының орынбасары Асқар Мырзахметов те бар.

Бұл Түркияда талай жыл еңбек еткен Түймебаев мырзаның елбасыға арнаған тосынсыйы болды. Айта кетерлігі, «Тәуелсіздік тұғырым!» шарасында облыстан шыққан 42 азамат «Құрмет» орденімен және тағы да басқа медальдармен марапатталды. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының 110 маманы Түркия елінде тәжірибе алмасу үшін арнайы жолдамаға ие болды.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмды

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Google сұранымы бойынша Баян Есентаева Қазақстанда көш бастады

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Танымал суретші Тәуелсіздік күнін мүлде еске алмаған Көкшетау әкімдігін сынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348140-nazarbaevqa-arnaghan-turkiyalyq-ansh.html