RU

Танымал журналист педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаты Артур Платонов 14 жасқа толмаған балаларды жыныстық тиіспеушілікке қарсы қайта қылмыс жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Платонов ұсынысты премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады. Депутаттың айтуынша, соңғы кездері педофилдер туралы жаңалықтар жиі айтылып жатады, олардың саны Қазақстанда көбейіп кетті, қылмыс саны да азаяр емес.

Депутат еске сала кеткендей, Қазақстанда 2018 жылдан бастап педофилдерді химиялық жолмен піштіру нормасы енгізілетін болады. Алайда, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген құқық қорғаушылар, заңгерлер мен дәрігерлер бұл шараның педофилдерді азайтуға ықпал етпейтіндігін айтып отыр дейді Платонов.

"Бақытжан Әбдірұлы, министрліктер мен ведомстволарға келесі мәселені қарауды тапсыруыңызды сұраймын: 14 жасқа толмаған балаларды жыныстық тиіспеушілікке қарсы қайта қылмыс жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу", — деді Платонов сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысында.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмды

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Google сұранымы бойынша Баян Есентаева Қазақстанда көш бастады

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Танымал суретші Тәуелсіздік күнін мүлде еске алмаған Көкшетау әкімдігін сынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348180-tanymal-zhurnalist-pedofilderdi-omir.html