Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан мен актер Әнуар Нұрпейісов ел алдында қырқысып қалды

Опубликовано:

Танымал журналист "Қазақстан аруы-2016" байқауында қыздарды кітап оқымағаны үшін жерден алып, жерге салған актер Әнуар Нұрпейісовты сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

"Іс-шараңда айқау-шу болғанын қаласаң, Әнуар Нұрпейісовты шақырып, қолына микрофон бер. Ол айтарын айтып болған соң, қашып кетеді", - деп жазды ол.

Оның пікірінше, сұлулық байқауында ақыл-парасат емес, әдемілік бағалануы тиіс.

"16-17 жасыңызда қандай болғандарыңыз есіңізде шығар? Тікелей эфирде, қысылып-қымтырылмай, әділ қазылардың сұрағына айқын әрі ойға қонымды жауап бере алар ма едіңіз? Әсіресе, бұл мазақ түрінде, кемсіту түріндегі сұрақ болса. Әнуар бұл жерде өзін кештің жұлдызы деп санаған болар. Олай болса, неге қашып кетті? Сонша батыл болсаң, неге соңына дейін отырмадың?", - деді ол.

Сонымен бірге, ол Әнуардың сексуалдық қызығушылықтарына да шек келтірді.

"Әнуар егер суперзияткер қыздарды іздесе, сұлулық байқауына емес, кітапханаға баруы тиіс еді. Байқау зияткерлік емес, сұлулық байқауы деп аталады ғой! Әйтпесе, біз оның сексуалдық қызығушылықтарына да күмән келтіре бастаймыз", - деп мәлімдеді ол.

Динараның мәлімдемесіне Әнуар да үнсіз қала алмады.

"Онда менің Динара мен ұйымдастырушыларға қояр бір сұрағым бар. Әділ қазылардың сұрағына жауап беруі тиіс кезең онда не үшін керек болды? Қыздар шықсын да, үн-түнсіз тұрсын. Видеоға қарасақ, сіз өз сөзіңізге өзіңіз қарсы шығып тұрғандайсыз.

Біле білсеңіз, Динара Сәтжан, мен қыздарды мұндай байқаулардан іздемеймін. Мен қатысушыларды сыртқы және ішкі сұлулықтарына қарап бағалау үшін бардым. Ал менің сексуалды қызығушылығыма назар аударғаныңыз көңілімді қуантты. Ол үшін алаң болмаңыз", - деп жауап қайырды актер.

Естеріңізде болса, актер Әнуар Нұрпейісов "Қазақстан аруы-2016" байқауында Астана аруы Елназ Нұрсейітованың кітап оқыған-оқымағанын тексермек болып сұрақ қойған еді. Сөзінің соңында ол қыздарға тонна бояу жағып алып, байқауларға қатысқаннан гөрі, өзінің зияткерлік білімін шыңдауға кеңес берді.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмды

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Google сұранымы бойынша Баян Есентаева Қазақстанда көш бастады

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Танымал суретші Тәуелсіздік күнін мүлде еске алмаған Көкшетау әкімдігін сынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1348197-dinara-satzhan-akter-anuar-nurpeyisov/

pixel