RU

Жерлестерін Шымкентте жезөкшелікке салған өзбекстандық әйел ақыры сотталып кетті

Өзбекстанда қыздарды жоғары айлығы бар жұмысқа тұрғызам деп алдап Қазақстанға жіберіп, оларды жезөкшелік жолға түсірген 24 жастағы қыз сотталды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтарына сілтеме жасап NUR.KZ.

Елена Орлова есімді Бекабад қаласының тұрғыны Сырдария және Ташкент облыстарының аумағында қыздармен танысып, оларды Қазақстандағы ең қымбат ресторандарға даяшы қылып жұмысқа тұрғызам деп уәде берген.

Кейін оларды Гишткуприк халықаралақ бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстанға жіберіп, Шымкентте бірнеше саунасы бар Регина есімді азаматша күтіп алған. Одан Орлова әбір бойжеткен үшін 400 доллардан алып отырған.

Қылмыскерді «тірі тауарды» саудалап жатқан жерінен Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері ұстап алып, оған қатысты Өзбекстан қылмыстық кодексінің 135 тармағына сәйкес іс қозғады.

Сот шешімі бойынша Елена айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, жеңілдік жасау жағдайлары қарастырылып, сот Орлованың жазасын шартты түрде бір жылға сынақ мерзіміне ауыстырды.

Тағы да оқыңыздар:

Астанада өзін өзі өртеген әйел емханада көз жұмды

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Google сұранымы бойынша Баян Есентаева Қазақстанда көш бастады

Австрия министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салмады деген күдікті түбегейлі жоймақ

Танымал суретші Тәуелсіздік күнін мүлде еске алмаған Көкшетау әкімдігін сынады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348271-alayaqtynh-arbauyna-tusken-ozbek-qyzda.html