RU

Жаңа орынтаққа жайғасқан Шавкат Мирзияев қолын Құранға қойып, ант берді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті инаугурациялау салтанаты бүгін Ташкентте парламенттің бірлескен отырысы аясында болып өтті. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Президентті ұлықтау рәсіміне Орталық сайлау комиссиясы мен үкімет мүшелері, Конституциялық соттың судьялары, Ташкентте тіркелген дипломатиялық мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мырза-Ұлықбек Әбдәсәлімовтың хабарлауынша, 4 желтоқсанда өткен сайлауда Шавкат Мирзияев ел президенті болып сайланды. ОСК төрағасы осы жеңісімен Мирзияевті құттықтаған соң, оған Өзбекстан Республикасы Президенті куәлігін табыс етті.

Одан соң мемлекет басшысы Конституция мен Құранға қолын қойып, ант қабылдады: "Өзбекстан халқына қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін".

Ант қабылдаған соң Мирзияев баяндама жасады.

4 желтоқсандағы президенттік сайлауға Мирзияев Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан қатысып, 88,61 пайыз дауыс жинады. Өзбекстанда кезектен тыс сайлау республиканың тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің 2 қыркүйекте инсульттан соң 79 жасында қайтыс болуынан соң ұйымдастырылды.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

Жансейіт Түймебаев Назарбаевқа тосынсый жасады (видео)

Қазақстан билігі Әбілязовтың ісін сотқа дейін жеткізбекші

Жерлестерін Шымкентте жезөкшелікке салған өзбекстандық әйел ақыры сотталып кетті

Астанада өзін өртеп жіберген әйелдің қызы Бас прокуратураның алдында шу шығарды (фото)

Астанада аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348468-shavkat-mirziyaev-qurangha-qolyn-qoyyp.html