RU

Кәмшат Жолдыбаева әншілерді "журналистердің нанын тартып алып отыр" дейтіндерге жауап берді

Отандық әнші Кәмшат Жолдыбаева әншілер мен актерлерді "журналистердің нанын тартып алып отыр" деп сөгетіндерге жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында айтты.

Оның айтуынша, егер әнші немесе актер тележүргізушілікті жақсы атқара алса, онда оның еш сөкеттігі жоқ.

"Әнші бағдарламаны мықты, ерекше етіп жүргізсе, оның несі айып? Әртүрлі пікірлер  бар. Сіздің әріптестріңіз "ойбай, әншілер немесе актерлер біздің нанымызды тартып жеп алып жүр, әркім өз саласының маманы болсын" деген пікір айтады. Мен ойлаймын, бұл әлсіз мамандардың, әлсіз жандардың айтатын жанайқайы. Мықты болсаң, сен ешқашан да далада қалмайсың", - деді ол.

Мұны естіген бағдарлама жүргізушісі: "Әріптестер, дайындалыңыздар, Кәмшатты жан-жақтан жеуге", - деп күлді.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

Жансейіт Түймебаев Назарбаевқа тосынсый жасады (видео)

Қазақстан билігі Әбілязовтың ісін сотқа дейін жеткізбекші

Жерлестерін Шымкентте жезөкшелікке салған өзбекстандық әйел ақыры сотталып кетті

Астанада өзін өртеп жіберген әйелдің қызы Бас прокуратураның алдында шу шығарды (фото)

Астанада аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348512-kamshat-zholdybaeva-anshilerdi-zhurnali.html