RU

Шымкенттік әйел көпірден секіріп, мерт болды (фото)

Шымкентте өзін-өзі өлтірмек болған әйел көпірден секіріп, мерт болды деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме, жасап NUR.KZ.

Бүгін Бадам өзені маңында қайғылы оқиға орын алды. «LTD Турмыс» ЖШС қызметкері түстен кейін өзен жағасында жүгіріп жүрген екі баланы байқайды. Олар өзенде ағып бара жатқан әйелдің денесін көрсетеді.

Бейтаныс жігіт өзенге батып бара жатқан әйелді құтқару үшін бірден суға секіріп, оны жағаға алып шығады. Құтқарушының айтуынша, әйел судан шыққанда әлі тірі болғанын көріп, оған жасанды дем беруге тырысқан. Алайда ол әрекеті еш көмектеспегендіктен жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

Әлі расталмаған ақпараттарға сүйенсек, жасы отыздар шамасындағы әйел өзін-өзі өлтірмек болып көпірден секіріп кеткен. Оның үйі де сол маңға жақын орналасқан болса керек, біраз уақыттан соң туысқандары оқиға орнында болды.

Жағдайды естіген жас жігіт қайғылы қазаны көтере алмай суға секірген.

Мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері арнайы жұмыс жасап жатыр. "Өз-өзіне қол жұмсау " тармағы бойынша іс қозғалуы да мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды ұсынды

Жансейіт Түймебаев Назарбаевқа тосынсый жасады (видео)

Қазақстан билігі Әбілязовтың ісін сотқа дейін жеткізбекші

Жерлестерін Шымкентте жезөкшелікке салған өзбекстандық әйел ақыры сотталып кетті

Астанада өзін өртеп жіберген әйелдің қызы Бас прокуратураның алдында шу шығарды (фото)

Астанада аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348580-shymkenttik-ayel-kopirden-sekirip-mer.html