RU

Шаш үлгілері ешкімдікіне ұқсамайтын әкесі мен қызы желіде жұлдыз болды

6 жасар қыз бен оның әкесі әлеуметтік желілерде үлкен танымалдылыққа ие боп жатыр. Оның себебі – олардың ешкімде жоқ бірегей шаш үлгілері деп хабарлайды fullpicture.ru порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Өзінің үлкен толқынды қап-қара шаштары генетикалық жолмен қызына да берілгенін көрген әкенің қуанышында шек болмапты. Жас әнші әрі модель Бенни Гарлем мен мен оның кішкентай қызы Джаксин өздерінің сәнді шаштарын негізге ала отырып әр түрлі қызықты фотосессиялар ұйымдастыруды әдетке айналдырған.

 

«Ол өте әдемі қыз. Және сондай әдемі әйел болатынына сенемін. Мен оған өзін-өзі жақсы көруді және сыйлауды үйретемін», - дейді Бенни.

Олар шаштарын қию туралы ешқашан ойламаған. Өйткені, осы ерекшеліктері арқылы ол екеуін әлем танып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Кәмшат Жолдыбаева әншілерді "журналистердің нанын тартып алып отыр" дейтіндерге жауап берді

Сапарбаев екі апта бойы салқын жерде концертке дайындалған жастарға алғысын айтты (видео)

Өзін өзі өртеген әйелдің ұлына қатысты шығарылған үкім қайта қаралатын болды

Сергей Ковалев өзін Головкиннің бір-ақ ұрып құлатқанын мойындады

Жаңа орынтаққа жайғасқан Шавкат Мирзияев қолын Құранға қойып, ант берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348733-shash-ulgileri-eshkimdikine-uqsamaytyn.html