RU

Бас прокурор өзін өртеген әйелдің әпкесін қабылдап, Жамбыл облысын тексеруге бұйрық берді

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген Майра Рысманованың әпкесі Дания Рысманованы қабылдап, Жамбыл облысына тексеру жіберуге бұйрық берді.

Бұл туралы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлайды.

Бас прокурор жақын адамының мерзімсіз қазасына байланысты Рысманованың әпкесіне көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін жәрдем беруге тапсырма берді.

"Ұлының заңсыз сотталуы туралы берген Рысманованың дәйектері облыстық полиция қызметкерлеріне қатысты қозғалған өзге жеті қылмысты тергеу барысында тексеріледі. Тергеу нәтижелері бойынша, Е. Ахметовті ұрып соғып, зиян келтіргені үшін айыпталған облыстық ІІД қызметкері Жидешевті Тараз қалалық соты соттады", — деді ведомствода.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Істің апелляциялық тәртіппен қаралуы 2016 жылы 20 желтоқсанға тағайындалды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы тұрғындарының ІІД қызметкерлері іс-әрекетіне түсірілген шағымдарының көбейіп кетуіне байланысты Бас прокурордың тапсырмасымен нақты қылмыстық істер бойынша қабылданған шешімдерді тексеру үшін көрсетілген облысқа баратын ведомствоаралық топ құрылды.

Топты Бас прокурордың орынбасары Еңлік Кененбаев басқарады.

Еске сала кетсек, бүгін, 14 желтоқсанда, сағат 7-лер шамасында астаналық ауруханада Астанадағы бас прокуратура ғимаратының алдында өзін-өзі өртеген әйел қайтыс болды.

Кейін, Майра Рысманованың ұлына қатысты шығарылған үкім қайта қаралатыны белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

Кәмшат Жолдыбаева әншілерді "журналистердің нанын тартып алып отыр" дейтіндерге жауап берді

Сапарбаев екі апта бойы салқын жерде концертке дайындалған жастарға алғысын айтты (видео)

Өзін өзі өртеген әйелдің ұлына қатысты шығарылған үкім қайта қаралатын болды

Сергей Ковалев өзін Головкиннің бір-ақ ұрып құлатқанын мойындады

Жаңа орынтаққа жайғасқан Шавкат Мирзияев қолын Құранға қойып, ант берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348800-bas-prokuror-ozin-ortep-zhibergen-ayel.html