RU

Жаңаөзенде жолдан жүгіріп өтпек болған оқушыны көлік қағып кетті (видео)

 Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жолдан жүгіріп өтпек болған баланы көлік қағып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Болған оқиғаның видеосы 13-ші желтоқсан күні Youtube-тегі Aktau business парақшасында пайда болған.

Видеодан мектеп жасындағы балалардың бір-бірімен сөйлесіп тұрғанын, кейін оқушылардың бірі жолдың арғы бетіне өту үшін кенеттен жүгіргенін байқауға болады. Алайда сол сәтте оны көлік қағып, қатты соққыдан бала біраз жерге дейін ұшып кетеді.

Оқушыны қағып кеткен жүргізуші мен басқа да көлік жүргізушілері бірден тоқтап, оған көмек қолын созады.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің Baq.kz-ке берген мәліметінше, қазір 7 жасар бала Жаңаөзен ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.

«2016 жылдың 13 желтоқсаны күні шамамен сағат 18:30-да 1992 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны «Лада Ларгус» көлігімен «Арай» шағынауданына қарай келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 2009 жылы туған баланы қағып кетті. Салдарынан зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Тағы оқыңыздар:

Филиппин президенті нашақорларды өз қолымен өлтіргенін жайып салды

Астанада аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

Алматы облысында бір мезетте алты көлік соқтығысып қалды (видео)

ШҚО-да адам қағып өлтірген полицейдің әйелі бостандыққа шығатын болды

Бас прокурор өзін өртеген әйелдің әпкесін қабылдап, Жамбыл облысын тексеруге бұйрық берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348901-zhanhaozende-zholdan-zhugirip-otpek-bolgh.html