RU

Қызылорда облысында төрт жасар қыз балабақшада аяқ асты көз жұмды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындадағы балабақшада төрт жасар қыз көз жұмды. Ал оның туыстары құпия жағдайда шетінеп кеткен бүлдіршіннің өліміне не себеп болғанын нақты біле алмай жүргендерін айтады деп хабарлайды 31 арна.

Бұл қайғылы жағдай Жөлекбаевтар жанұясының қабырғасын қайыстырды. Ойнап жүрген төрт жасар дені сау бүлдіршінімізді әдеттегідей таңертең балабақшаға апардық дейді. Ал бірер сағаттан соң жақындарына суық хабар келген. Осы кезге дейін бірдебір рет ауырып көрмеген қызымыз Назерке Садықтың, балабақшада қайтыс болғанына әлі де сене алмай жүрміз дейді бүлдіршіннің туыстары.

"Бас дәрігер келіп, жансақтау бөлімінің ішіне кіріп шықты. Шыққан соң ол кісі бөлек бөлмеге кіргізіп, бізге көз жұмағанын айтты. "Бұл жерге келгенде тірі емес, балабақшада қайтыс болған" деді. "2 сағат бұрын кеткен" деді", - деп күйінді Назеркенің әжесі Ұлтуар Омарова.

Бұдан бөлек бұл жағдайға байланысты тағайындалған сот медициналық сараптамасы осы кезге дейін ауырмаған қызымызға түрлі ауруға шалдыққан деген жалған қорытынды берді деп ашынады бүлдіршіннің туыстары. Ал «Кәусар» балабақшасының қызметкерлері тілшілерге сұхбат бермек түгілі, түсірілім тобын кіргізбей, балабақшаның есігін ішінен құлыптап алды.

Алайда төрт жастағы бүлдіршіннің жұмбақ өліміне байланысты бүгінде ішкі істер бөліміндегілер тергеу жұмыстарын бастапты.

"Бала өлімі дерегі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы Дәулетхан Бәйменов.

Тергеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болмақ. Ал қапыда қыздарынан айырылып, қара жамылып отырған отбасы еліміздегі жеке балабақшаларға қатаң бақылау болса екен дейді.

Тағы оқыңыздар:

Филиппин президенті нашақорларды өз қолымен өлтіргенін жайып салды

Астанада аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

Алматы облысында бір мезетте алты көлік соқтығысып қалды (видео)

ШҚО-да адам қағып өлтірген полицейдің әйелі бостандыққа шығатын болды

Бас прокурор өзін өртеген әйелдің әпкесін қабылдап, Жамбыл облысын тексеруге бұйрық берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348966-qyzylorda-oblysynda-balabaqshada-tor.html