RU

Қарағандыда автобус жолаушылары тірідей өртеніп кете жаздады

Қарағандыда автобус жолаушылары өртеніп кете жаздады. Таңғы қарбаласта аялдамадан қозғала бере тұтанған көліктен жолаушылар шығып үлгерген деп хабарлайды КТК арнасы.

Соның арқасында лық толған адамның ешқайсысы жапа шекпеді. Дегенмен, өрт сөндірушілер жеткенше «Лифан» маркалы қытайлық шағын автобус қызыл жалынға түгел оранып үлгерген.

Бас-аяғы 10 минтуттың ішінде қоғамдық көліктің түгі қалмай жанып кетті. Мамандар өрт электр сымдарының тұйықталуынан тұтануы мүмкін деп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Филиппин президенті нашақорларды өз қолымен өлтіргенін жайып салды

Астанада аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

Алматы облысында бір мезетте алты көлік соқтығысып қалды (видео)

ШҚО-да адам қағып өлтірген полицейдің әйелі бостандыққа шығатын болды

Бас прокурор өзін өртеген әйелдің әпкесін қабылдап, Жамбыл облысын тексеруге бұйрық берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1348978-qaraghandyda-avtobus-zholaushylary-tir.html