RU

Павлодарда ел ішіне іріткі салған азамат сотталып кетті

Павлодарда қылмыстық топ құрып, ұлтаралық араздық тудырды деп айыпталған азамат сотталды деп хабарлайды КТК арнасы.

34 жастағы Руслан Ғинатуллин ендігі 6 жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.

Тергеу мәліметінше, сотталушы былтыр әлеуметтік желідегі парақшасына ұлтаралық араздықты қоздыратын бірнеше бейнежазба салған. Оның бұл әрекетін экстремистік деп таныған тергеушілер 34 жастағы азаматты биыл маусым айында қамауға алыпты.

Тергеу кезінде өзіне тағылған айыптардың бір де бірін мойындамаған Руслан Ғинатуллин 12 жыл бұрын «Хизб ут-Тахрир» экстремистік ұйымының мүшесі болғаны үшін 2 жылға сотталған екен.

Осы сияқты әрекеттері үшін кейін де жауапқа тартылған Ғинатуллиннің бұл төртінші рет сотталуы. Осы себепті ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс.

"Гинатуллин бірнеше рет сотталған, оның әрекетінде рецидив бар. Сол себепті 7 жыл сұрадық. Сотпен 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Қала прокуратурасын соттың бұл шешімі қанағаттандырады", - дейді Павлодар қалалық прокуратурасының аға прокуроры Данияр Қалымбетов.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын

"Қазақстандық Анджелина Джоли" фильмге түспек (видео)

Қарағандыда автобус жолаушылары тірідей өртеніп кете жаздады

Қызылорда облысында төрт жасар қыз балабақшада аяқ асты көз жұмды

Павлодарда миллиардтаған қаржыға Орталық Азиядағы ең ұзын көпір ашылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349088-pavlodarda-el-ishine-iritki-salghan-aza.html