RU

Динара Адам мен Баян Есентаеваның арасындағы араздық не үшін болды?

Отандық продюсерлердің бірі Динара Адам Баян Есентаевамен қалай араздасып, 4 жыл бойы неліктен араласпай қалғанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтылды.

Студияға қонақ болып келген Динара Баян Есентаевамен 16 жыл бойы достық қарым-қатынаста болғанын айтты. Алайда отандық жобалардың бірінде өзара сөзге келіспей қалған екі продюсер бір-бірімен араздасып кетеді. Олардың арасындағы бұл араздық төрт жылға созылады.

Алайда осы жылдар ішінде олар бір-біріне мұқтаж болғанын жасырмады. Динарамен татуласуға қадамды Баянның өзі бірінші болып жасайды. Екі құрбы араға төрт жыл салып, сағынысып тіл табысады.

"Сол кездегі екеуміздің сезімімізді көрсеңіз. Біз осыншама уақытымызды жоғалтып, араздасып жүргенімізге өкіндік", - деді Динара Адам.

Ал Есентаева болса, Динараға деген ерекше сыйластығы барын айтты.

"Маған өмірде ұрсып, айқайлайтын жалғыз адам ол - Динара. Ол мен үшін құрбымнан да жақын. Бір рет қатты қиналғанда түнгі екіде оған қоңырау шалдым. Ол түнгі екіде маған өзі жетіп келді", - деген Баян құрбысының өзіне деген осыншама құрметін бағалайтынын жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын

"Қазақстандық Анджелина Джоли" фильмге түспек (видео)

Қарағандыда автобус жолаушылары тірідей өртеніп кете жаздады

Қызылорда облысында төрт жасар қыз балабақшада аяқ асты көз жұмды

Павлодарда миллиардтаған қаржыға Орталық Азиядағы ең ұзын көпір ашылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349112-dinara-adam-men-bayan-esentaevanynh-ara.html