RU

Еліміздің бірқатар клиникалары еврей компанияларының басқаруына берілмек

Еліміздің бірқатар клиникалары еврей компанияларының басқаруына берілмек. Тіпті Израиль мен Қазақстан визаны алып тастағалы жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

14-ші желтоқсанда бір-бірінен қашық мемлекеттерді жақындату үшін Израиль премьері мен Қазақстан президенті Ақордада келіссөз өткізді.

Қазақ жеріне тұңғыш рет табаны тиген Израиль премьер-министріне президенттерге сай құрмет көрсетілді. Парламенттік басқаруда болғандықтан Беньямин Нетаньяхудың билігі де, құзыреті де кең. Әлемдегі саяси салмағы ауыр саясаткерлердің бірімен Ақордада келіссөз жүргізген Нұрсұлтан Назарбаев Израильден үйренетін шаруа көп екенін жасырмай айтты.

Әсіресе, Қазақстанды бұл мемлекеттің ауыл шаруашылығы, медицина мен жаңа технология саласындағы жетістігі қатты қызықтырып отыр. Сондай-ақ, әскерді қару-жарақпен қамту, экстремизмге тойтарыс беру бойынша да күш біріктірмек. Осындай бірнеше келісімге қол қойған Назарбаев пен Нетаньяху алыс-берісті, барыс-келісті арттыруға да уағдаласты.

"Қазақстанның қазбалы байлыққа кіріптар болмайтын экономикаға ауысып жатқанын білемін. Бұны жалғастыра беру керек. Мәселен, бізде шикізат жоқ. Жақында ғана газ қоры табылды. Жалпы, Қазақстанмен тәжірбие бөлісуге, сенімді серіктес болуға әзірміз", - дейді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

"Екі ел тұрғындары визасыз жүруі тиіс. Тікелей әуе рейсі де, ашылуы қажет. Сонымен қатар Израильдің әлемдегі озық медицинасынан үйренеріміз көп. Біздің мамандар осы жақтан оқып келіп жатыр. Осыған орай бірқатар университеттік клникаларды израильдік компаниялардың басқаруына беруге дайынбыз", - дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын

"Қазақстандық Анджелина Джоли" фильмге түспек (видео)

Қарағандыда автобус жолаушылары тірідей өртеніп кете жаздады

Қызылорда облысында төрт жасар қыз балабақшада аяқ асты көз жұмды

Павлодарда миллиардтаған қаржыға Орталық Азиядағы ең ұзын көпір ашылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349123-elimizdinh-birqatar-klinikalary-evre.html