RU

Әблязов Қырғызстандағы көтерілісті қаржыландырғанын мойындады

Мухтар Аблязов
Мухтар Аблязов. Фото: Sputnik/Серикжан Ковланбаев

Бостандыққа шыққан Мұхтар Әблязов 2005 жылы Қырғызстанда болған көтерілісті қаржыландырғанын мойындады деп хабарлайды экс-банкирдің Liberation француз газетіне берген сұхбатына сілтеме жасай отырып "Фергана" агенттігі.

Әблязовтың мәлімдеуінше, оның қыр-соңынан қалмауының саяси астары бар. Мысал ретінде ол Қырғызстандағы оқиғаларға қатысы барын айтты:

"2005 жылдың басында мен ондағы оппозиция өкілдерін қаржыландырдым. Мұны мен Қырғызстандағы режимді құлату үшін жасадым. Посткеңестік елдердің бірінде демократиялық процесстердің басталып, дұрыс реформалар жасай алуы мен үшін маңызды болды", - деді ол.

Еске сала кетейік, Францияның мемлекеттік кеңесі 9 желтоқсанда бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойды.

Ал Қазақстан үкіметі болса, оның бостандыққа шығуына қатысты пікір білдіріп, оның ісін сотқа дейін жеткізуге бар күшін салатынын мәлімдеген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын

"Қазақстандық Анджелина Джоли" фильмге түспек (видео)

Қарағандыда автобус жолаушылары тірідей өртеніп кете жаздады

Қызылорда облысында төрт жасар қыз балабақшада аяқ асты көз жұмды

Павлодарда миллиардтаған қаржыға Орталық Азиядағы ең ұзын көпір ашылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349138-abilyazov-qyrghyzstandaghy-koterilisti.html