RU

Путин қатарынан төртінші рет әлемдегі ең ықпалды адам атанды

Forbes америкалық журналы әлемдегі ең беделді адамдардың жыл сайынғы рейтингін жариялады, бірінші орынды Ресей президенті Владимир Путин осымен төртінші жыл иеленіп отыр деп жазады РИА Новости-ге сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

"Әлемнің ең беделді адамы, осымен қатарынан төртінші рет – Ресей президенті – өз елінің ықпалын жер шарының түпкір-түпкіріне дейін жеткізеді", — делінген журналда.

Рейтингтің екінші орнында – АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп, үшінші орында – Германия канцлері Ангела Меркель, ол 2015 жылы екінші орынды иеленген.

Төртінші орынды ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, ал бесінші орынды – Рим папасы Франциск алды.

Рейтингке енген өзге де тұлғалар қатарында: Microsoft негізін қалаушысы Билл Гейтс (7 орын), Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди (9), Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг (10), БҰҰ жаңадан сайланған бас хатшысы Антониу Гутерриш, Филиппин президенті Родриго Дутерте (70), лаңкестік топ "Әл-Каида" (көптеген елдерде тыйым салынған) басшысы Айман аз-Завахири (71) бар.

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысында үйлену тойынан соң қыдырып жүрген жігітті өлтірген полицей сот алдына келді

Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын

Әбілязов Қырғызстандағы көтерілісті қаржыландырғанын мойындады

Каримов қызметінен қуған шенеунік ақыры Өзбекстанның премьер-министрі болды

Еліміздің бірқатар клиникалары еврей компанияларының басқаруына берілмек

Павлодарда ел ішіне іріткі салған азамат сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349277-putin-taghy-da-alemdegi-enh-bedeldi-adam.html