RU

Асхат Садырбай Ninety One музыка тариxында қалатынына сенімді

Отандық журналистердің бірі Асхат Садырбай Ninety One тобын отандық музыка саласындағы "құбылыс" екенін атып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, бүгінде топті үлкендер де, жастар да жақсы тыңдайды.

Меніңше Ninety One тәуелсіз Қазақстанның эстрада, музыка тариxына кіреді. Мен оларды жәй ғана топ емес, біздің музыкадағы бір құбылыс дер едім (артық кетуім де, жаңылысуым да мүмкін, бірақ сонда да). Болашақта олар туралы оқытушылар студенттерге сабақ айтып, дәрістерде талқылайтын болса таң қалмаймын", - деді ол.

"Байқасаңыздар қазір оларды жастар да, үлкендер де біледі. Шүйіркелесе қалса, міндетті түрде талқылайды. Қанша ай өтсе де әлі өзекті, қызық, ерекше. Топ резонанс тудырды. Шыққандарына 1-ақ жыл болса да көп ретте кәсіби емес сынға, дөрекілік пен мәдениетсіз айыптауларға іліге берді", - деген ол бірсарында әндерімен тыңдармандарын жалықтырып жіберген бүгінгі эстрада әншілерін сынады.

"Қайтеміз, біздің эстрада орындаушылары тыңдарманды бір сарынды стильдегі көше, әуесқой, той әндеріне әбден үйретіп тастады. Жаңа, сапалы, заманауи тың дүниелер шыға қоймады. Отандық музыка индустриясында неше жылдан бері мұндай революция болмап еді. Көпшіліктің үрке, шоши қарауы да сол себепті. Олар жайлы айтылатын сындарға қарап отырсам (шамамен) 98.9% ы эмоциялар мен құр айқай", - дейді ол. .

"Қазір біз киіз үйде тұрмаймыз, атпен жүрмейміз, бәріміз заман талабына сай өмір сүрудеміз, демек кез-келген мәселені өркениетті елдің азаматы ретінде мәдениетті сөйлесіп шешуге болатынын ұмытпайық", - деген пікір айтты ол.

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысында үйлену тойынан соң қыдырып жүрген жігітті өлтірген полицей сот алдына келді

Ерке Есмахан: Аспаннан салбырап түсіп, жұлдыз бола қалған жоқпын

Әбілязов Қырғызстандағы көтерілісті қаржыландырғанын мойындады

Каримов қызметінен қуған шенеунік ақыры Өзбекстанның премьер-министрі болды

Еліміздің бірқатар клиникалары еврей компанияларының басқаруына берілмек

Павлодарда ел ішіне іріткі салған азамат сотталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349293-askhat-sadyrbay-ninety-one-qazaqstannynh-muzyka.html