RU

Таиландта демалыста жүрген қазақстандық турист қаза болды

Таиландтың Пхукет аралындағы қонақүйлерінің бірінде 42 жастағы қазақстандық турист бесінші қабаттан құлап көз жұмды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық азамат Таиландқа демалу үшін 5-ші желтоқсан күні барған. Ол "D1" қонақүйіне тұрақтаған. Ал Қазақстанға 16-шы желтоқсан күні орлауы тиіс еді.

"Бүгінгі таңда полиция тергеу жүргізіп, азаматтарымыздың өліміне қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты жұмыс жасап, бұл мәселені айрақша бақылауға алды", - деп хабарлады СІМ.

 Phuket Gazette сайтында хабарланғандай, ер адам құлап түскенде аяғын сындырып, бетінің оң жақ бөлігін жарақаттап алған. Оны ауруханаға жеткізген бетте, ол қайтыс болған. Оқиғадан кейін қонақүй ұжымы мен полиция қызметкерлері тексеру үшін оның бөлмесіне кіріп көрген.

Бөлмелерден олар тай елінің алкогольды сусынын 12 бос бөтелкесін мен 3 сыра қалбырын тапқан. Таиланд полициясы бұл өзін өзі өлтіру ме әлде абайсызда болған оқиға ма деген мәселені анықтап жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Ауданда белсенді болып жүрген азамат "Дарын" сыйлығын алып кетті (фото)

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Отағасы дүниеге келген үшемді қалай асырарын білмей бас қатырып отыр (фото)

Путин қатарынан төртінші рет әлемдегі ең ықпалды адам атанды

Сұлулық байқауы үшін жамбасын үлкейткен бойжеткеннің қорқынышты күйі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349347-tailandta-qazaqstandyq-turist-qaza-b.html