RU

Қостанайлық келіншектің несиеге алған iPhone-ны жарылып кетті

Қостанайлық тұрғын техника дүкенінен алған телефоны жарылып кеткен соң, орнына iPhone 6 алды деп хабарлайды Alau.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ

Мария Есенгелдина iPhone телефонын былтыр 25 қазанда Қостанайдағы Sulpak дүкенінен 250 мың теңгеге несиеге алған болатын. Ал 2016 жылдың 27 қарашасында ол жарылған.

Істен шыққан телефонды кепілдік уақыты өтіп кеткендіктен дүкен қызметкерлері оны ауыстырып беруден бас тартқан. Алайда техника дүкені кейін істен шыққан iPhone-ды бәрібір жаңа телефонға ауыстырып берген.

«Біз аталмыш телефонды сатушы дүкенге бардық. Бұрын Марияда 64 гб жады бар iPhone 6c болды, енді 32 гб жадымен iPhone 6s қолданып жүр», - дейді тұтынушылар құқығын қорғайтын бірлестіктің заңгері Дмитрий Моргунов.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Ауданда белсенді болып жүрген азамат "Дарын" сыйлығын алып кетті (фото)

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Отағасы дүниеге келген үшемді қалай асырарын білмей бас қатырып отыр (фото)

Путин қатарынан төртінші рет әлемдегі ең ықпалды адам атанды

Сұлулық байқауы үшін жамбасын үлкейткен бойжеткеннің қорқынышты күйі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349348-qostanaylyq-kelinshektinh-nesiege-algh.html