RU

Төреғали желіде тарап кеткен "мас" күйіндегі суретіне қатысты жауап берді

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі желіде тарап кеткен жағымсыз суретіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты.

Оның айтуынша, желіге тарап кеткен бұл сурет бұдан 6-7 жыл бұрын түсірілген.

"Кейде өз білместігімізден қастандық жасайтын кездеріміз болады. Сүттен ақ, судан тазамын деп айтпаймын. Кеседен басқаға ернім тимеди деп те айта алмаймын", - деген ол суреттегі жігіттің өзі екенін ұғындырды.

Дегенмен, ол өзінің осындай сәттерін желіге жүктеген адамдарға да өкпелі екенін жасырмады.

"Ақсап қалған, сүрініп, шалынып қалған жерлерді табалауға ыңғайлы ғой. Өмірдің өзі сабақ, оны қайталамауға тырысамыз", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, желіде Төреғали Төреәлінің мас күйіндегі суреті тарап кетіп, желі қолданушыларын дүрліктірген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Ауданда белсенді болып жүрген азамат "Дарын" сыйлығын алып кетті (фото)

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Отағасы дүниеге келген үшемді қалай асырарын білмей бас қатырып отыр (фото)

Путин қатарынан төртінші рет әлемдегі ең ықпалды адам атанды

Сұлулық байқауы үшін жамбасын үлкейткен бойжеткеннің қорқынышты күйі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349469-toreghali-zhelide-tarap-ketken-zhaghymsy.html