RU

Назарбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (фото)

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын басталды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі –Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізді жер жүзіне жариялап, күллі әлемге паш еттік. Алдымен көне түріктің бөрлі байрағының мұрагері Көк туымызды БҰҰ-ның төрінде желбіреттік. Әнұранымызды әлем төрінде қалықтатып, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық», - деп атап өтті Назарбаев.

«Төл теңгемізді енгізіп, Ата-заңымызды қабылдадық. Шекарамызды шегендеттік. Мемлекеттік тілімізді әлемнің ең биік мінбесінен сөйлеткіздік. 1500 жыл бұрын «Күлтегінде» жазылған «Мәңгілік ел» ұғымын жалпы ұлттық идеяға айналдырып, еліміздің 15 ғасырлық тамырына нәр бердік. Бүгінгі ана тілімізді түлетіп, ата дінімізді ұлықтаған айшықты елміз. Тағылымы тарихты түгендеген жоралғы жұртпыз. Барша қазақты біріктіктірген бәтуәлі ұлтпыз», – деп түйіндеді елбасы.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Ауданда белсенді болып жүрген азамат "Дарын" сыйлығын алып кетті (фото)

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Отағасы дүниеге келген үшемді қалай асырарын білмей бас қатырып отыр (фото)

Путин қатарынан төртінші рет әлемдегі ең ықпалды адам атанды

Сұлулық байқауы үшін жамбасын үлкейткен бойжеткеннің қорқынышты күйі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349494-nazarbaev-qazaqstan-khalqyn-tauelsiz.html