RU

Жартылай жалаңаш қазақстандық қыздардың суреттері Қазнетті шулатты (фото)

Жалаңаш күйде фототүсірілім жасаған қазақстандық қыздардың суреттері Қазнетті шулатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық фотомодельдерге мастер-класс жүргізген танымал еуропалық фотограф Ян Маклайнның ұйымдастырған фототүсірілім Қазнет қолданушыларының ашуын келтірді. Бар мәселе, Янның жалаңаш стильдегі суреттер түсіретін кәсіби маман екенінде болып тұр. Алайда, оны ескерместен, көптеген қазақстандықтар камераның алдында жалаңаштанған жерлестерінің суреттерін «ұят» деген жапсырмамен жауып, қыздардың арын қорғауға асықты.

«Әйел – отбасының ұйытқысы, ол өзін сақтау керек» деген ұғымды алға тарта отырып, Facebook қолданушылары аталмыш туындылар қазақ халқының намысына кір келтіреді дегенді айтты.

«Өзінің күйеуінен басқа бөтен еркектің алдында шешінуден тайынбаған қыздар ертең балаларына қай бетімен қарайды?» деген сынды пікірлер көптеп кездесті.

Алайда, жалаңаш қыздарды даттаушылардан бөлек жақтаушылар да табылды. Олардың айтуынша: "біреудің жеке өміріне қатысты не болса соны айта бергенше Қазақстандағы басқа да мәселелерді қозғау керек"

Сондай-ақ, пікір білдірушілердің арасында «Қыздардың денесін орамалмен жабатын «ұятменді» шақыру керек» деп өз ойын ирониямен жеткізгендер де бар.

Айта кетерлігі, Маклайнның камерасына іліккендердің қатарында танымал тележүргізуші Гүльнар Сильбаева мен актриса Жания Джуринская да бар екен. Бірақ, олар шешінуді жөн көрмеген.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Таиландта демалыста жүрген қазақстандық турист қаза болды

Қостанайлық келіншектің несиеге алған iPhone-ны жарылып кетті

Төреғали желіде тарап кеткен жағымсыз суретіне қатысты жауап берді

Ұлын бір айда үш медаль алды деп мақтаған Қайраттың анасы сынның астында қалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349531-zhartylay-zhalanhash-qazaqstandyq-qyzda.html