RU

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

 Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу үшін ел Конституциясына өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәуелсіздік тарихы көрсеткендей, жаңа мемлекеттің жетістікке жетіп, реформалардың жүзеге асуы, ең әуелі, мықты президент билігіне тәуелді. Мемлекет дамуының жаңа кезеңі парламент пен үкіметтің елдегі ахуал үшін жауапкершілігін арттыру мәселесін көтереді", — деді Назарбаев Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиында.

Елбасының сөзіне сүйенсек, Қазақстан "Ата Заңымызда көрсетілгендей, президенттік басқару формасы бар мемлекет болып қала береді".

"Сонымен қатар, президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарастыратын кез келді. Арнайы комиссия бұл сұрақтарды мұқият зерттеп, тиісті заңдарға, бәлкім Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жасайды", — деп қорытты ол.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Ауданда белсенді болып жүрген азамат "Дарын" сыйлығын алып кетті (фото)

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Отағасы дүниеге келген үшемді қалай асырарын білмей бас қатырып отыр (фото)

Путин қатарынан төртінші рет әлемдегі ең ықпалды адам атанды

Сұлулық байқауы үшін жамбасын үлкейткен бойжеткеннің қорқынышты күйі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349577-nazarbaev-bilikti-qayta-ulestiru-mas.html