RU

Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

Павлодарда «Жас ұрпақ» жастар үйінің төрт түлегіне демеушілік жолмен уақытша баспана берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Гагарин көшесі, 84 үйден төрт бөлмелі пәтерді Шарбақты ауданындағы «Победа» шаруа қожалығының басшысы Александр Поляков өз қаражаты есебінен сатып алып, жетім балаларға сыйға тартқан.

Мұнда енді Ілияс Кенин, Ислам Қазыков, Иван Агеев және Эльдар Шолохов есімді азаматтар тұрады. Олар бұған дейін Павлодар қаласындағы «Жас ұрпақ» жастар үйін паналаған. Бұл жігіттердің жасы 23-тен асып, өздігінен өмір сүре алатын ересектер қатарына қосылған.

Дегенмен бас сауғалар жері болмаған соң оларға демеуші тарту арқылы қолдау көрсетілуде Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтың айтуынша, қазір мемлекет тарапынан берілетін пәтер кезегінде тұрған жастар уақыты келгенде тұрақты баспанаға қол жеткізеді.

"Бұл облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Берковскийдің бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Өңірімізге танымал кәсіпкер Александр Владимирович бұл идеяны бірден құптап, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ата-аналары және тұрақты баспаналары жоқ балаларға тамаша тарту жасады. Ал, үйдің ішкі жиһаздарын Павлодар мұнай-химиялық зауыты алып берді. Жастар үйінің түлектері бұл үйде мемлекет тарапынан тұрақты баспана берілгенге дейін тұрады. Олардың бірі Ілияс Кенин қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 21-орында тұр. Жақын арада үйлі болады деген үміттеміз. Ол өз үйіне көшкен кезде орынына басқа бала келеді. Болашақта «Жас ұрпақ» жастар үйінен шыққан қыз балаларды да осындай демеушілік жолмен баспаналы болдырсақ деген жоспарымыз бар", - дейді Ернұр Дәуенов.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Таиландта демалыста жүрген қазақстандық турист қаза болды

Қостанайлық келіншектің несиеге алған iPhone-ны жарылып кетті

Төреғали желіде тарап кеткен жағымсыз суретіне қатысты жауап берді

Ұлын бір айда үш медаль алды деп мақтаған Қайраттың анасы сынның астында қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349671-pavlodarlyq-kasipker-4-zhetim-balagha.html