RU

Қазақтың тойы туралы әзіл аралас видео "желіні жарды"

Тұңғыш президент қорының "КТК" арнасымен бірлесіп түсірген қазақ тойы жайында әзіл аралас бейнеролигі Казнет қолданушыларының көңілінен шықты деп хабарлайды NUR.KZ.  

Аталмыш туындыны Арман Шураев өзінің Facebook-тағы парақшасына жариялаған болатын.

Креативті бейнеролик шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған қос ғашық жайында түсірілген. Қазақстанның түкпір-түкпірінен шақырылған туысқандары мен достары мейрамханаға жиналған кезде қазақтардың үйлену тойы қалай өтетіні көрсетіледі.

Жұрттың бәрін тамсандырған видеоның түсіріліміне Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Әсел Сәдуақасова, Ғани Қасымов және Ninety one сынды қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары қатысқан.

Бейнеролик Қазақстанда аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобының орындауындағы "Той жыры" әнімен өрнектелген. Сондай-ақ, орындаушылардың өздері де сол тойда бой көрсеткен.

"Мен қазақтардың ежелден бері тойларын дүркіретіп атап өтетіндері бекер еместігін және бізге барлық жақындарымыздың басын жиірек қосып жиналып тұруымыз керек екендігін түсіндім. Иә, біз сондаймыз. Және ол - керемет. Мен бәрін де жақсы көремін. Бақытты бол, Қазақ елі!", - деп өз сөзін аяқтайды күйеу жігіт бейнероликтің соңында.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Таиландта демалыста жүрген қазақстандық турист қаза болды

Қостанайлық келіншектің несиеге алған iPhone-ны жарылып кетті

Төреғали желіде тарап кеткен жағымсыз суретіне қатысты жауап берді

Ұлын бір айда үш медаль алды деп мақтаған Қайраттың анасы сынның астында қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1349739-qazaqtynh-toyy-turaly-azil-aralas-vide.html