RU

Жансейіт Түймебаев оңтүстіктің игі-жақсыларына жарты миллионнан сыйақы таратты (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі қарсаңында мәдениет саласында еңбек етіп жүрген танымал тұлғаларды назардан шығармай, мәрттік танытып, қаржылай сыйлық табыс етті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Шымкенттегі «Оңтүстік Цирк» ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай қолға алынған 25 жұлдызды күндер акциясы аясында «Мәдениет және руханият» күні атап өтілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша жамағатты мерекемен құттықтады.

«Еліміздің өркендеуінде оңтүстікқазақстандықтардың алар орны айрықша. Оған ешкімнің де дауы болмауы керек. Ал өңірімізде нақты мәселелерге назар аударылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр деп анық айта аламыз. Жылдан жылға халқымыздың әлеуеті артып, облыс экономикасы қарыштап дамып келеді. Осынау толайым табыстар мен нәтижелі жетістіктерімізде мәдениет және руханият саласында еңбек етіп жүрген Сіздердің де үлестеріңіз мол деп білемін. Еңбек – еленуі тиіс! Осы мақсатта мәдениет пен руханият саласына еңбегі сіңген азаматтарға арнайы сыйлық тағайындап отырмын. Бұл сыйлық жыл сайын мәдениет қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында табысталатын болады», - деді аймақ басшысы.

Құттықтау сөзінен соң Түймебаев елімізге танымал 25 қоғам қайраткерін марапаттап, әрқайсына жарты млн теңге көлемінде қаржылай сыйлық табыстады.

Мұндай сыйлыққа ие болғандардың қатарында оңтүстік өлкесінен шыққан Мұхтар Шаханов, Сәбит Оразбай, Нұржамал Үсенбаева, Сатыбалды Нарымбетов, Көпен Әмірбек, Мекемтас Мырзахметов, Мархабат Байғұт, Бақытжан Алдияр, Ханбибі Есенқарақызы және тағы да басқа танымал тұлғалар бар.

Алайда жомарттық танытқан әкімнің бұл сыйлығын өз қолымен алуға тізімге енгендердің барлығы келе алмады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Елімізде мереке күндері 36 градус аяз болады

Ақтөбелік тұрғын Сапарбаевты қол астындағы қызметкерлері алдап отырғанын айтты

Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350047-zhanseyit-tuymebaev-onhtustiktinh-igi-zh.html