RU

Қызы көз алдында күн санап әлсіреп жатқан ана отаға ақша таппай жанұшырып жүр

Қос бүйрегі бірдей істен шыққан Жәмила Байсерікова есімді бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін 5 миллион теңге қажет деп жазады zamana.kz.

Жәмила Байсерікова бұл дертке екі жыл бұрын шалдыққан. Содан бері жап-жас қыз күнара гемодиализ аппараты арқылы қанын тазартып жүр. Дәрігерлер оған тез арада бүйрек алмастыру отасын жасату қажет депті. Ол үшін Жәмилаға 5 миллион теңге керек.

«Банкке кепілдікке қойып, несие алайын десем, атымда үй де, тіпті жер де жоқ, Шымкент қаласында пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Қызымның мүгедектігі үшін алатын 43 мың теңге «пенсиясы» өзінің дәрі-дәрмегіне де жетпейді. Бір «уколының» өзі 19 мың теңге тұрады. Бүйрегі істемейтіндіктен, қан қысымы да көтеріліп кете береді, содан күніне 2-3 рет жедел жәрдем шақыртуға мәжбүрмін. Күнара тазалай беріп, қаны қатты сұйылып кетті ме, соңғы кездері Жәмиланың мұрны жиі қанап жүр. Бір қанаса, тоқтамай әуреге салады. Көз алдымда күн санап солып бара жатқан қызымның жайы жаныма қатты батып жүр. Әр күнім уайыммен, әр түнім жылаумен өтіп жатыр», – дейді Жәмиланың анасы Құрманкүл Құлмырзаева.

Ел ішінде мейірімді, қайырымды адамдар жоқ емес. Жәмиланың жағдайы жайлы мақала БАҚ-та жарияланғаннан кейін оған біраз азаматтар жанашырлық танытып, қолынан келгенше қаржылай көмек көрсетіпті.

Жәмиланың анасы Құрманкүл Алматы қаласындағы «Цесна­банкте» жұмыс істейтін Жалғас және Талғар ауданында тұратын Рауан есімді дәнекерлеуші жігітке алғыс айтады.

«Қарапайым жұмысшымын, әпке. Бірақ Жәмила қарындасымыздың жағдайын оқып, бей-жай қала алмадым. Достарыммен қоса жинаған қаржым осы болды. Қолымнан келсе әлі де көмектесермін. Қызыңыз тезірек сауығып кетсін», – деп Рауан Жәмиланың есепшотына 65 мың теңге аударды. Ал Жалғас үйге 32 мың теңге әкеліп берді. Осындай азамат тәрбиелеген олардың ата-анасына мың алғыс! Ұлдарының қызығын көрсін. Шымкенттен бір жап-жас келіншек екі рет мол етіп айран-сүт, шұжық, ірімшік, ет, май, картоп-пияз секілді бір үйге керекті азық-түлік беріп жіберді. Павлодардан Ғабит есімді азамат – 10 мың, Астанадан Ғали Әлихан – 15 мың, Алматыдан Ұлбосын деген қыз 2000 теңге аударғандарын айтып хабарласты. Одан басқа да 200, 300, 500 теңгеден көмек беріп жатқан адамдар бар. Олардың бәріне айтарым тек алғыс. Алла жасаған жақсылықтарын алдынан мың есе етіп қайтарсын», – дейді көзіне жас алған ана.

Дегенмен төрт айда 610 мың теңге ғана қаржы жиналыпты. Ал Жәмиланың өмірін құтқарып қалу үшін әлі де 4.400 мың теңгеге жуық ақша қажет.

Жәмила Байсерікованың «Халық банкіндегі» нөмірі: 6762 0035 1804 5629. (ИИН 920619402129).

Ал оның анасы Құрманкүлге 8-705-150-13-63 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Елімізде мереке күндері 36 градус аяз болады

Ақтөбелік тұрғын Сапарбаевты қол астындағы қызметкерлері алдап отырғанын айтты

Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350070-qos-buyregi-birdey-isten-shyqqan-qazaq-2.html