RU

Тойына ұзындығы алты шақырымдық фата таққан қалыңдық жұртты таң қалдырды

Тайваньдық қалыңдық өзінің румыниялық бәсекелесінің рекордын жаңартты деп хабарлайды NUR.KZ  порталы Glavnoe.ua сайтына сілтеме жасап.

Қытайлық бизнесмен Чжэн Юэцай қызының тойына алты шақырымға созылған қалыңдық фатасын тіктіріп ерекше сыйлық жасаған.

Шұбатылып жатқан шілтер матаны ұстап жүру үшін 560 адам керек болған. Ешкімде жоқ той көйлегін киген қыздың отбасы Гиннес рекордтар кітабына кіруге үміткер жандардың қатарында тұр.

Қытайлық басылымдардың айтуынша, ең мықты деген дизайнерлердің идеясымен жасалып, үш ай бойы алты тігінші қолмен тіккен фатаның шығыны шамамен 1 млн юаньді құраған. Әкесі қызының өмірі дәл осы фата секілді ұзын болғанын қалапты.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ең ұзын фатаның (2977 метр) иегері румыниялық модель Эмма Думитреск еді.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Елімізде мереке күндері 36 градус аяз болады

Ақтөбелік тұрғын Сапарбаевты қол астындағы қызметкерлері алдап отырғанын айтты

Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350087-toyyna-uzyndyghy-alty-shaqyrymgha-barat.html