RU

Ақтауда жол талғамайтын көлік жүкті әйелді қағып кетті (фото)

Ақтауда басқаруын жоғалтқан жол талғамайтын көлік жол шетінде кетіп бара жатқан жүкті әйел мен баланы қағып кетті деп хабарлайды Baq.kz.

Куәгерлердің мәліметінше, Ақтау қаласының 15-шағын ауданында автокөлік жол үстінде басқаруын жоғалтып, бордюрден секіріп кеткен. Жүргізушісіне бағынбаған темір тұлпар жол шетінде кетіп бара жатқан жүкті әйел мен баланы темір қақпаға қысып қалған.

Зардап шеккендердің халі туралы Маңғыстау облыстық аурухана мамандары айтып берді деп жазады «Лада» басылымы.

Жол көлік оқиғасы бүгін, 15 желтоқсанда, орын алған. Куәгерлердің хабарлауынша, шамамен сағат 09:00-де кроссовер жолдан шығып кетіп, жүкті әйел мен балаға қарай жұйіткіп, екеуін де қақпаға қысып қалған.

Әйел жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Бала зардап шеккен жоқ. Ауруханағылар әйелдің сағат 09:17-де түскенін, оның қолының сынғанын айтты. Жүктілігіне байланысты ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Жол апатынан кейін бізге 25-жастағы жүкті әйел жеткізілді. Оның халі орташа ауыр, дегенмен жүктілігіне байланысты ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оған ота жасалады. Іштегі сәбиіне қауіп жоқ», - деді дәрігерлер.

Тағы оқыңыздар:

Ерке Есмахан: Асхатты қойып, енді анасымен дауласқым келмейді

Назарбаев: Биліктегі өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жетті

Назарбаев зейнетақы мен жәрдемақы көлемін ұлғайтуды тапсырды

Елімізде мереке күндері 36 градус аяз болады

Ақтөбелік тұрғын Сапарбаевты қол астындағы қызметкерлері алдап отырғанын айтты

Павлодарлық кәсіпкер 4 жетім балаға төрт бөлмелі пәтер сыйға тартты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1350203-aqtauda-krossover-zhukti-ayeldi-qaghyp.html